Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардағы ахуалды тұрақтандырамыз деп, ауыл тұрғындарын ұмытып кетпеуіміз керек екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұратындығын, бүгінде ауылдағы азаматтар үшін диагностика және емдеу шаралары қол жетімді емес екенін айта келе, мемлекет басшысы оларға қарапайым дәрі-дәрмектің жетпей жатқанына тоқталды.

"Ауыл-аймақтарда медицина кадрларының тапшылығы және қажетті инфрақұрылымның жоқтығы жығылғанға жұдырық болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригаданың жасақталғанын баяндады. Алайда олар, негізінен қала тұрғындарына ғана қызмет көрсетеді. Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды! Үкіметке өңірлермен бірлесіп, барынша қысқа мерзімде ауылдарды диагностика және емдеу ісімен, сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы онда үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды