Выйти
RU

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 43 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда өткен тәулікте 641 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 43 029-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 48

Алматы қаласы - 24

Шымкент қаласы - 68

Ақтөбе облысы - 16

Атырау облысы - 79

Шығыс Қазақстан облысы - 119

Жамбыл облысы - 20

Батыс Қазақстан облысы - 101

Қарағанды ​​облысы - 72

Қостанай облысы - 5

Қызылорда облысы - 36

Маңғыстау облысы - 22

Павлодар облысы - 8

Түркістан облысы - 23

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1636 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 70 339-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте карантин мен қатаң шектеу шаралары 20 шілдеден бастап 3 тамызға дейін ұзартылатыны хабарланған еді.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың арнайы қаулыға қол қойып, жария етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 43 мыңнан асты