RU

Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды

Медицина ғылымдарының докторы, репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Оның сөзінше, пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының академигі Atameken Business телеарнасына берген сұқбат барысында айтты.

"Абырой болғанда, Covid-19 жұқтырғандардың 70 пайызында ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына пациенттердің 30, 20, тіпті 10 процентінің өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шешім. Менің ойымша, карантинді жыл соңына дейін ұзарту қажет... Індетпен карантиннің көмегімен ғана күресуге болады", - деп мәлімдеді Вячеслав Локшин.

Осы орайда профессор азаматтарды медицинаға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілерде тарататын хабарламаларына сенбеуге шақырды.

 "Қоғамда медициналық білімі жоқ көптеген "сарапшылар" шықты. Біз олардың жанарларына жас алып, ел арасында дүрбелең тудыратын хабарлар таратқанын көріп отырмыз. Бұл -  өте нашар кеңесші", - деді ол.

Сонымен қатар Локшин ел тұрғындарын карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

  • "Түбінде біз белсенді қарым-қатынасты тоқтатамыз және осы кезде пациенттердің саны азаймақ. Бұны жақын күндері көреміз", - деді Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Ол вирустың жеңіл симптомдары пайда болған жағдайда "Парацетамол" мен "Аскорбин қышқылынан" басқа ештеңе қабылдауға болмайтынын ескертті.

Локшиннің сөзінше, жоғары температура мен ентігу сезілген уақытта тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

Еске салак кетсек, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің отырысында карантинді 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Ол коронавирус індетімен күрес жүргізу үшін құзырлы органдарға бірқатар міндет жүктеді.

"Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз.

Осы ретте барлық қазақстандықтады карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Бұл шаралар аса маңызды.

Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен карантинді одан ары жүзеге асыру үшін барлық шараларды іске асырсын", - деді Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865587-kazakstanda-karantindi-zyl-soyna-dejin-zartu-synyldy.html