Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқару жүйесі өзгереді": Аймағамбетов маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгеретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді. Білім беруді басқару органдары жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы – білім беру тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі. Сарапшылар аудандық, қалалық және облыстық білім басқармаларының өзара байланысы мен жұмыс жүргізу жүйесіндегі кемшіліктер туралы ұзақ уақыт бойы айтып келеді.
  • Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті Заң қабылданды.

Енді 2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі, яғни бұл мектептер мен балабақшаларға да қатысты. Бұл – жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам.

Халықаралық зерттеулер аймақтардағы білім сапасының әртүрлі екенін көрсетті. Елімізде бірыңғай нормативтік құқықтық актілер, бірыңғай стандарттар мен талаптар болғанының өзінде өңірлердегі білім сапасындағы айырмашылық 2 жылдан асады.

  • Егер білім беру ұйымдарын қаржыландыру мәселесіне көз жүгіртсек, онда да бір облыс ішінде диспропорцияны байқауға болады. Бұл, әсіресе, мектептерді жылыту маусымына дайындау, оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстары мен жаңа білім беру ұйымдарын салу кезінде байқалады.

Бүгінгі жағдай мынадай: мектептер мен балабақшалар аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне бағынады, ал білім бөлімдері өз кезегінде аудандық немесе қалалық әкімдіктерге бағынышты. Ондағы басшылар аудан немесе қала әкімдерінің шешімі бойынша жұмысқа тұрады, қызметтен босатылады және мекемелер қаржыландырылады.

Ал облыстық білім беру басқармаларының заңды түрде және іс жүзінде де ешбір қаржылай, әкімшілік құзыреті болмағандықтан мектептер мен балабақшалардың дамуына айтарлықтай әсер етпейді.

  • Облыстық Басқармалардың құзыретінде колледждер, дарынды балаларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 5-10 мектеп, балалар үйі, ПМПК бар. Бұл басқармалар өңірлердегі әкімдерге бағынады, әкімдіктерден қаржыландырылады. Сәйкесінше, басшыларын да облыс әкімдері тағайындайды.

Білім саласындағы мұндай басқару жүйесі кері байланысқа, білім саласындағы саясаттың тиімді имплементациясына кедергі келтіреді.

Нәтижесінде қаржыландыру бойынша сәйкессіздіктер кездеседі, жөндеу жұмыстарына, апатты жағдайларда, кадрлық мәселелерге қатысты кері әсерін тигізеді. Білім басқарламалары әкімдіктерге бағынатын мектептер мен балабақшаларға іс жүзінде әсер ете алмайтынын ашық айту керек.

Ал Білім және ғылым министрлігі өз кезегінде оларға тек жанама түрде, МЖБС, оқу бағдарламалары мен НҚА арқылы ықпал ете алады.

Сондықтан енді мектептер мен балабақшалар облыста бір орталықтан ғана басқарылса, қаржыландыруды теңестіру және арттыру мәселелері кешенді түрде шешілетін болады.

Бұл шағын бюджеті тек еңбекақы төлеу қорына ғана жететін аудандар үшін де өте қолайлы болады. Бұл – жақын арада жүйемізді әлдеқайда тиімді ететін білім беру саласындағы қажет шешім", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865598-baskaru-zjesi-zgeredi-ajmagambetov-mayzdy-mlimdeme-zasady/

pixel