Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Денис Тен атындағы мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады

Опубликовано:

Алматыда мəнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы ашылады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Денис Тен. Фото: denistenfoundation.org
Денис Тен. Фото: denistenfoundation.org: UGC

Жоба Мəдениет жəне спорт министрлігі, Алматы қаласының Мəдениет жəне спорт басқармасы мен спортшының анасы Оксана Тенмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды.

"Денис Тен атындағы Global Figure Skating мəнерлеп сырғанау академиясы Қазақстанда мəнерлеп сырғанау спортын дамытуға бағытталған бірыңғай орталық болады. Академия балалар арасында аталған спорт түрін бұқаралық деңгейге жеткізуге бағытталады. Қазіргі кезде Оксана Тен Global Figure Skating академиясында балаларды баулу үшін Денисті жаттықтырған Татьяна Тарасова, Фрэнк Кэролл сынды даңқты бапкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Мəдениет жəне спорт министрлігі аталған академияның ашылуы елімізде мəнерлер сырғанау спортының дамуына серпін береді деп жоспарлап отыр. Ал Алматы қаласында мемлекеттік жəне жеке секцияларда 5 000-нан астам бала мəнерлеп сырғанаумен тұрақты шұғылданады. Академия ашылған соң, балалар бір орталықта дайындалады. Жуық арада жоба концепциясы мен қаржы көзі жайлы ақпарат белгілі болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, анымал спортшы 2018 жылдың 19 шілдесінде Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан жараланып, қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865614-elimizde-denis-ten-atyndagy-mnerlep-syrganau-akademiasy-asylady/

pixel