Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Педофилдің соңынан қуды": Алматыда полиция қызметкері 13-қабаттан секіріп кеткен

Опубликовано:

Алматы қаласында 36 жастағы полиция майоры Бақытжан Бакиров педофилді ұстау кезінде тұрғын үйдің он үшінші қабатынан секіріп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz.

Фото: polisa.kz
Фото: polisa.kz: UGC

Оқиға 11 шілде күні жеке секторда орын алған.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреу төрт жастағы ұл мен 15 жастағы қыз тұрған үйлердің біріне кіріп, 17 мың АҚШ долларды қолды қылған. Онысымен қоймай ер адам жәбірленушінің бірін зорлағаны белгілі болды.
  • Тәртіп сақшылары аталған жағдайға байланысты жоспар құрып, күдіктінің қайда "тығылғанын" анықтаған.

Осыдан кейін тәртіп сақшысы Бақытжан Бакиров қылмыскер жасырынған пәтерге сантехник болып кіріпті.  

"Күдікті қаша жөнелген кезде соңынан қудым. Ол бір бөлмеге кіріп, ашық терезеден төменге қарай секірді. Басты мақсатым қылмыскерді қуып жету болғандықтан, мен де оның артынан секіріп кеттім", - деді полиция майоры.

Осылайша екеуі де үйдің террасасының үстіне құлаған. 

"Екеуіміз құлаған уақытта күдікті орнынан тұрып қашпақ болды. Алайда мен оны көмек келгенше, тапжылтпай ұстап отырдым. Кейін барып аяғым сынғанын білдім, - деді тәртіп сақшысы.

Қазір Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Ведомство полиция майоры мен оның серігі, полиция аға лейтенанты Мейір Несіпбай Ішкі істер министрінің бұйрығымен "Құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі үшін" медальдарымен марапатталғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда үй тонап, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу кезінде 12 қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1865616-pedofildi-soynan-kudy-almatyda-policia-kyzmetkeri-13-kabattan-sekirip-ketken/

pixel