RU

Полиция Қызылордада болған жағдайға байланысты түсініктеме берді

Қызылордада ағалы-інілінің жанжалы тәртіп сақшысымен төбелеске жалғасқан. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Осы жағдайға байланысты өңірдің полиция қызметкерлері түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына жеткен патрульдік экипаж кәмелетке толмаған жігіттердің төбелесіп жатқанын көрген.

"Полиция қызметкерлері текетіресті тоқтатуға тырысты. Алайда сол кезде ересектер келіп, оқиғаның байыбына бармай, тәртіп сақшыларына қол жұмсаған, - делінген хабарламада.

Жаға жыртысқан жасөспірімдер ағалы-інілі екендігі белгілі болды. Аталған жағдайға байланысты әкімшілік кодекстің 434-бабы 2-тармағына ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар ағайынды жігіттердің әкесіне қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-тармағына ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны хабарланып отыр. 

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы қаласында 36 жастағы полиция майоры Бақытжан Бакиров педофилді ұстау кезінде тұрғын үйдің он үшінші қабатынан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865622-policia-kyzylordada-bolgan-zagdajga-bajlanysty-tsinikteme-berdi.html