Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балық министрдің бетіне тиді: Видео желіде кеңінен тарады

Опубликовано:

Молдавияның қорғаныс министрі Александр Пынзарьге әскери жаттығу кезінде балық тиген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Видеоны Александр Пынзарь Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

Кадрдан Молдавияның министрі суда бронетранспортермен жүріп келе жатқанын байқау қиын емес. Осы уақытта көлден секіріп шыққан бірнеше балықтың бірі министрге тиді. 

Шенеунік парақшасында бұны қызық әрі күлкілі жағдай деп бағалап отыр.

"Мен балық аулағанды аса ұнатпаймын, алайда әр балықшыға осындай сәттілік тілеймін", - деді Александр Пынзарь.  

Еске сала кетсек, Ресейде суға батқан қызды құтқарамын деп төрт адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Анықталғандай Онон өзінің бойында туыстар демалған. Олардың арасында қыз да болған.

"Шомылу кезінде 15 жастағы қыз судың иіріміне тап болып, бата бастаған. Үлкендер оны құтқару үшін өзенге секірген. Оларға жақын маңда балық аулап жүрген тағы үш балықшы қосылған. Нәтижесінде қызды құтқару мүмкін болды. Алайда төрт ересек, соның ішінде 45 жастағы әйел мен 41, 58 және 64 жастағы үш ер адам батып кеткен", - деді ведомстводан.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865625-balyk-ministrdi-betine-tidi-video-zelide-keinen-tarady/

pixel