RU

Елбасы металлургтарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев металлургтарды кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Elbasy.kz
Фото: Elbasy.kz: Depositphotos
"Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын! Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің  абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!", - делінген Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865631-elbasy-metallurgtardy-ksibi-merekesimen-kttyktady.html