Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық атақты вирусолог өмірден өтті

Опубликовано:

Қазақстандық вирусолог, Ұлттық ғылым академиясының академигі Марат Саятов өмірден өтті. Бұл ақпаратты академия президенті растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Rachid Nougmanov
Фото: Facebook/Rachid Nougmanov: Instagram

Ал Рашид Нұғманов Facebook желісіндегі парақшасында профессордың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын айтты.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Марат Саятовтың ғылыми зерттеулерінің негізгі тақырыптарының бірі - иммунология және вирус инфекцияларының иммунодиагностикасы болған.

Айта кетейік, ол 1937 жылдың 10 ақпанында Алматы облысы Алакөл ауданы қазіргі Тоқжайлау ауылында өмірде келген. 

  • Ғалым 1960 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдады.
  • Кейін ҚазКСРО ғылым академиясы жанындағы микробиология және вирусология институтының аспирантурасына оқуға түсті.

Марат Саятов грипп кезіндегі гуморалды иммунитет тақырыбына арналған кандидаттық диссертация қорғаған.

Ол 1963 жылдан бері осы институтта кіші ғылыми қызметкерден жалпы вирусология зертханасының жетекшісі лауазымына жетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазының өмірден өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865635-kazakstandyk-atakty-virusolog-mirden-tti/

pixel