RU

Алматыда "белгісіз пневмониядан" көз жұмғандардың жерлеу тәртібі өзгертілді

Алматы бас санитар дәрігері COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу туралы қаулыға түзетулер енгізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда "белгісіз пневмониядан" көз жұмғандар басқаша жерленеді
Көрнекі фото: Go Nakamura/Getty Images: Getty Images

Мәселе Жандарбек Бекшиннің 25 маусымдағы №43 қаулысы жайыл болып отыр.

Жаңа түзетулерге сәйкес, енді COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар немесе инфекция күдігімен көз жұмғандарды жерлеу алгоритмі енді COVID-19 инфекциясы мен анықталмаған пневмониядан көз жұмғандарды жерлеу алгоритмімен ауыстырылады.

Егер қайтыс болған адамда коронавирус немесе пневмония күдігі расталса, марқұмдардың денесі тиісті шаралар жүргізілетін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының патологоанатомиялық бюросына жеткізіледі.

Сондай-ақ құжатта шетелдік азамат Қазақстан аумағында қайтыс болған жағдайда денені тасымалдау және жерлеу қазақстандық заңдарға сәйкес жүргізілетіні айтылған.

Бұл ретте қайтыс болған шетелдіктің туыстары қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жерлеуге қатыса алады.

Айта кету керек, егер қала шегінде жерлеу үшін белгілі бір орындар қалмаса, онда қайтыс болған адамның туыстары мен заңды өкілдерінің келісімімен, денелер Жерлеу қызметтерінің мамандандырылған комбинаты анықтаған орындарда жерленеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қызмет еткен Мақсұт Құлжанов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қашан пайда болуы мүмкін екенін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865649-almatyda-belgisiz-pnevmoniadan-kz-zmgandardy-zerleu-trtibi-zgertildi.html