RU

Биыл қазақстандықтар арасында хит болып жатқан "Көбейтұзға" баруға тыйым салынды

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан "Көбейтұз", "Кұрбет", "Теңіз", "Қоржынкөл" және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл қазақстандықтар арасында хит болып жатқан "Көбейтұзға" баруға тыйым салынды
Көрнекі фото: instagram.com/mtlcore_.: UGC

"Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес "Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы", Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін:

"Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан "Көбейтұз"," Кұрбет", "Теңіз"' Қоржынкөл" және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Ерейментау аудан әкімі мен мобильді бақылау тобы адамдардың демалыс күндері көп шоғырланған "Көбейтұз","Теңіз" көліне рейд өткізген.

Аудан әкімі Абай Еламанұлы көлде демалушылармен ауданда коронавирус ауруының кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары мен қонақтарына Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағы мен қаланың басқа да көрікті жерлерінде демалыс күндері қыдыруға тыйым салынғанын хабарлаған едік.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұндай шара эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865651-biyl-kazakstandyktar-arasynda-hit-bolyp-zatkan-kbejtzga-baruga-tyjym-salyndy.html