RU

Коронавируспен ауруханада жатқан пациенттер ұялы телефон қолдана ала ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас санитарлық дәрігері коронавирус жұқтырған пациенттерге ауруханада ұялы телефондарды қолдануға бола ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Айжан Есмағамбетованың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Covid-19 жұқтырғандар ұялы телефон қолдана ала ма

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Есмағамбетова өзінің жазбасында адамдардың осы мәселені түсіндіруін сұрап, оған жиі жүгінетінін атап өтті.

Бас санитарлық дәрігердің сөзінше, оның шешіміне сәйкес, мобильді құрылғыларды, сағаттарды, қолға тағатын бұйымдарды және басқа заттарды "лас" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлерге пайдалануға тыйым салынады. Оның айтуынша, инфекция көбінесе дәл осы заттар арқылы жұғады.

Санитарлық дәрігер науқастарға қатысты мұндай тыйымның жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, Есмағамбетова науқастардың туыстары мен достарымен байланысуға құқы бар екенін атап өтті.

Алайда бас санитарлық дәрігердің сөзінше, аурухана аумағында фото мен видео түсіруге тыйым салынған.

Тағы да оқыңыздар

"Бәрін біліп тұрса, дәрігердің керегі не": Павлодарлық медбике жанайқайын жеткізді

Пандемия кезінде стационарларда түсірілген видеолар жиі таралып жүр. Есмағамбетованың айтуынша, кейде видеоға түсуге рұқсат бере алмайтын жағдайда жатқан науқастар да кадрдан көрініп қалады. Бас санитарлық дәрігер бұл олардың жеке өміріне қол сұғушылық болып табылатынын алға тартты.

Сонымен қатар, Есмағамбетованың айтуынша, кейбір пациенттер роликтерді дәрігерлерге қысым көрсету үшін қолданады. Оның сөзінше, кейде науқастар емдеу хаттамасымен келіспей, қандай тәртіппен, қандай ем қабылдап жатқанын видеоға түсіре бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавируспен ауруханада жатқан пациенттердің телефоны неліктен тәркіленіп жатқаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавируспен ауруханада жатқан пациенттер ұялы телефон қолдана ала ма