RU

Елордада коронавируспен күресіп жатқан мамандарға арналған ескерткіш бой көтермек

Елордада коронавирус індетімен күресте алғы шепте жүрген мамандарға арналған ескерткіш бой көтереді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Елордада коронавируспен күресіп жатқан мамандарға ескерткіш бой көтереді
Видеодан кадр: Хабар 24: UGC

Мамыр айында мүсіншілер арасында байқау жарияланған болатын. Оған елордалық мүсінші Ербол Зиябеков те қатысты. Ол өз туындысы арқылы қауіпті аймақта аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс білдіруді жөн көрген.

Елордалық мүсінші Ербол Зиябеков 10 жылдан астам уақыт қолөнермен айналысады. Оның Қазақстан бойынша 10 ескерткіші бой көтерген. Қазір мүсіншілер үздік эскиздік жоба байқауында өз бағын сынап көрмек.

Ербол Зиябеков коронавируспен күресте алғы шепте жүрген мамандарға еңселі ескерткіш орнатуды көздеп отыр. Оның биіктігі 10 метр болады дейді.

"Конкурстың талабы коронавирус жайлы. Коронавируспен волонтерлер, дәрігерлер, операторлар, журналист, дезинфекторлар да күресіп жатыр. Төбесінде біздің әлем. Індет бүкіл әлемді жайлағаннан кейін үстіне жер шарын бейнеледік", - дейді Ербол Зиябеков.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе медициналық орталығы қабылдау бөлімінің терапевт-дәрігері Әйгерім Түктібаева өңір тұрғындары бастан өткізген қиын кезеңді айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865666-elordada-koronaviruspen-kresip-zatkan-mamandarga-eskertkis-boj-ktermek.html