RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 72 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1499 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 71 838-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақстанда өткен тәулікте 1499 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 706 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 226 / 100

Алматы қаласы - 221 / 105

Шымкент қаласы - 43 / 22

Ақмола облысы - 52 / 29

Ақтөбе облысы - 13 / 2

Алматы облысы - 43 / 33

Атырау облысы - 130 / 94

Шығыс Қазақстан облысы - 112 / 36

Жамбыл облысы - 104 / 58

Батыс Қазақстан облысы - 95 / 43

Қарағанды облысы - 148 / 62

Қостанай облысы - 56 / 40

Қызылорда облысы - 19 / 9

Маңғыстау облысы - 42 / 36

Павлодар облысы - 106 / 12

Солтүстік Қазақстан облысы - 69 / 19

Түркістан облысы - 20 / 6

Еске сала кетейік, 1 тамыздан бастап, елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, жалпы бүгінде Қазақстанда COVID-19-дан көз жұмғандар 464-ке жеткен.

Ал жыл басынан бері яғни 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елде 3 327 адам пневмониядан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865667-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-72-myga-zuyktady.html