Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясының 84 жастағы королі ауруханаға жатқызылды

Опубликовано:

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд медициналық тексеруден өту мақсатында ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының 84 жастағы королі ауруханаға жатқызылды
Фото: mainepublic.org: UGC

Бұл туралы дүйсенбі күні Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі хабарлады.

Белгілі болғандай, 84 жастағы монархқа өт қабының қабынуы диагнозы қойылған.

Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд 2015 жылдың қаңтар айында таққа отырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабия билігі коронавирусқа байланысты алдағы қажылық кезінде Мекке мен Мединаға келген адамдарға Қағбаға қолын тигізуге тыйым салған еді.

Қажылық кезіндегі жаңа ереже туралы жергілікті "Аш-Шарк аль-Аусат" басылымы жазды.

Басылымның ақпарынша, әрбір рәсімге тек 50 адамнан тұратын қажылардың шағын тобы қатысады, оларға медициналық бетперде киіп, қашықтықты сақтау керек болады.

Сондай-ақ, қасиетті Зәмзәм суын ішуге келгендерге тек бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар беріледі.

Сонымен қатар Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға тек санаулы мұсылман азаматтарына рұқсат еткенін жазғанбыз. Шетелдіктер оған қатыса алмайды.

Жергілікті билік биылғы қажылыққа тек елде жүрген мұсылмандардың ғана қатысатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865673-saud-arabiasyny-84-zastagy-koroli-auruhanaga-zatkyzyldy/

pixel