Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері өмірден озды (фото)

Опубликовано:

Даңқты боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері Ақжол Асқар өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Илияс Жолдас
Фото: Facebook/Илияс Жолдас: Instagram

Қаралы хабар жайлы Қазақстан-Шымкент телеарнасының редакторы Илияс Жолдас Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақ спортының дамуында өзіндік қолтаңбасы бар. Бекзаттың спорттағы жолын ашқан, оны іздеп тауып,Түркістаннан Шымкентке ертіп келіп, интернатқа орналастырған, дарынды балаларға арналған спорт интернатының негізін қалаған ұстаз-бапкер, облыс боксының атасы саналатын, облыстық спорт ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақжол Асқар ағамыз өмірден өтті.

Спорт саласында өр мінезімен, қаншама даңқты боксшыларды тәрбиелеген ұлылығымен, ел үшін тіккен туы биікте желбіреп, дара болмысымен өтті. Артында мәңгілік өшпес істері қалды. Спортшы тәрбиелеуде өзіне ғана тән ұстаздық ерекшелігі шәкірттерінің санасында жатталып қалады. Ұстазға мәңгілік құрмет! Иманы саламат болсын! Пейіште нұры шалқысын!", - дейді журналист.

Фото: Facebook/Илияс Жолдас
Фото: Facebook/Илияс Жолдас: Instagram

Фото: Facebook/Илияс Жолдас
Фото: Facebook/Илияс Жолдас: Instagram

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласында Бекзат Саттархановтың немере інісі Егізбай Жанғалиді әлдекімдердің соққыға жықаннын, салдарынан көз жұмғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865678-bekzat-sattarhanovty-algasky-bapkeri-mirden-ozdy-foto/

pixel