Выйти
RU

Австрияда коронавирус жұқтырғандарды енді иттер анықтамақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австрияның Қарулы Күштері тесттік жүйеде иттерді коронавирус жұқтырғандарды иіс арқылы анықтауға үйретуде. Бұл тәсіл коронавирус белгілері жоқ вирус жұқтырған адамдарды да табуға мүмкіндік бермек деп жазады KAZ.NUR.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Австриялық иттер коронавирус жұқтырғандарды анықтайтын болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Әскери кинологиялық орталық қазіргі уақытта жаңа бағдарлама бойынша бір бельгиялық итті жаттықтыруда.

Мамандар иттерді вирусы бар медициналық бетпердеден алынған коронавирус иісінің молекулалары бар арнайы түтікті әкелуге үйретеді.

Үй жануары түтікті иіс сезу арқылы анықтаған сайын марапатталып отырады. Алдағы күндері кинологтар вирусы бар қорғаныш маскасын пайдаланып, COVID-19-ды анықтау бойынша тестілеуді бастайды.

Иттер мен кинологтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түтіктер мен маскалар ультракүлгін сәулемен залалсыздандырылады. Сынақ кезеңі шілде айының соңына дейін жалғасады. Содан кейін әскерилер атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талдайды.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды

"Біздің қызметтік иттеріміздің әртүрлі заттарды таба алатыны жаңалық емес. Қаруды анықтайтын иттерден басқа, бізде жарылғыш заттарды немесе есірткіні иіс арқылы сезетін иттер бар.

Қазір біз коронавирусты анықтайтын иттерді сынақ кезеңінде тұрмыз. Олар адамдардың ауруын иісінен білу керек. Бұл сынақтар кезеңі арнайы жаттығу әскери иттерді дайындау орталығының ажырамас бөлігіне айнала ма, соны көрсету қажет", - дейді қорғаныс министрі Клаудия Таннер.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1499 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 71 838-ге жетіп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Австрияда коронавирус жұқтырғандарды енді иттер анықтамақ