RU

"Қызындай жақсы көрді": Сәдуақасова Кеңес Дүйсекеев туралы естелігімен бөлісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова өнердегі ағасы Кеңес Дүйсекеевтің қазасын аса ауыр қабылдаған. Ол әншілік мансабының басында өзіне барынша қолдау көрсеткен белгілі композитордың жақсылығын еш уақытта ұмытпайтынын жеткізді. Өнер иесі сахнадағы бүгінгі жетістіктерінде сазгердің үлесі елеулі екенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina.

Фото: Instagram/sadvakasovamadina.: Instagram

Мадина Сәдуақасова Кеңес Дүйсекеев туралы естліктерін Instagram парақшасында жария еткен. Эстрада жұлдызы белгілі композиторды нағыз өнер жанашыры ретінде сипаттады.

Белгілі болғандай, олардың таныстығы 1999 жылы орын алып, содан бері байланыстары мүлдем үзілмеген. Сәдуақасова өнердегі алғашқы қадамдарына куә болған ағасымен өте жақсы сырласатқанын айтты.

"Кеңес ағатайым мені қызындай жақсы көрді, демеп, қолдап жүрді, екеуміз өте күшті әңгімелесетінбіз, арасында ұрысып алатын кездер де болатын , “ Қайдағы әндер айтып кететінің не ?! “ деп , туған күніме “ Туған жер “ деген әнді сыйға тартып. 1999 жылы қалай таныстым сізбен, байланысымды үзбедім, хабарласып, жәй дауысыңызды естігім келіп, жағдайыңызды білгім келіп. Кең жүректі, шынайы мінезді, нағыз өнер жанашыры Кеңес ағам, Маэстро, әлі күнге сенбеймін сіздің жоқтығыңызға. Амал бар ма" , - деп жазды Сәдуақасова.

Тағы да оқыңыздар

Танымал өзбек әншісі қазақ халқын қолдап, "Атамекен" әнін шырқады

Айта кетейік, Кеңес Дүйсекеевтың қазасы туралы 9шілде күні белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қызындай жақсы көрді": Сәдуақасова Кеңес Дүйсекеев туралы естелігімен бөлісті