RU

"СҚ-Фармация" туыстық қатынастар жайлы қауесетке жауап берді

"СҚ-Фармация" компаниясының өкілдері компанияның басқарма төрағасы мен бақылау кеңесі хатшысының үлестес екені туралы деректерді жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "СҚ- Фармация" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жанжал: "СҚ-Фармация" туыстық қатынастар жайлы қауесетке жауап берді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Хабарламада соңғы уақытта "СҚ-Фармация" компаниясының қазіргі басшысы Ерхат Исқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Исқалиевтің туыстық қатынасы жайлы қауесет тарағаны айтылған.

Компания бұл ақпараттарды теріске шығарып, олардың арасында ешқандай туыстық байланыс жоқ екенін мәлімдеді.

Олардың жай ғана тектері бір. Бұл құжаттармен расталады деді "СҚ-Фармация".

Айта кетейік, Ерхат Исқалиев премьер-министрдің бұйырымен"СҚ-Фармация" басшысы болып 12 шілде күні тағайындалды.

Ал осыған дейін мемлекет басшысы компания жұмысына күдік келтірген болатын.

"СК-Фармация" қандай ұйым, онда кім жұмыс істейді? Олар неге үнемі сенімді ақтамайды? Бұл ұйым жайлы соңғы 15 жыл бойы естіп жүрмін. Барлығы сонда жұмыс істегісі келеді. Ұйым айналасында топтық мүдделер байқалады. Не істемекшісіздер?

Маған қазір "СҚ-Фармацияның" қызметін айтты. Оның немен айналысатынын білеміз, бірақ қалай айналысады? Міне, мәселе осында. Одан бөлек, менің жемқорлыққа қарсы агенттікке, Шпекбаевқа тапсырмам бар. Бұл ұйымды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан тексеру керек", - деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865691-sk-farmacia-tiregindegi-zaa-dau-kompania-tuystyk-katynastar-zajly-kauesetke-zauap-berdi.html