RU

130 күн бойы коронавируспен күрескен келіншек қауіпті вирусты жеңіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания тұрғыны Фатима Бридл коронавируспен 130 күн күрескен. Ол осы уақыт аралығында ауруханада жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Келіншек 130 күн бойы коронавирустан емделген

Фото: Daily Mail: UGC

Стационарда 130 күн ем қабылдаған Фатима 105 күн өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы болған.

Ол Мароккоға сапар кезінде коронавирус жұқтырып алған. Наурыздың басында 35 жастағы әйел адам Ұлыбританияға оралған, сол кезде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған. Бірнеше күн өткен соң, ол коронавирусты анықтайтын тесттің оң нәтиже көрсеткенін білген.

Кейінірек Фатиманың жағдайы нашарлап, ол өздігінен дем ала алмай қалады. Содан соң келіншек жансақтау бөліміне жіберіліп, оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан.

Ал кейіннен Фатима комаға түсіп, 40 күн ес-түзсіз жатқан. Коронавируспен бірге әйел адамда пневмония мен сепсис ауруы да өрши түскен. Нәтижесінде дәрігерлер оның өкпесінің жұмысын 40%-ға қалпына келтірген.

Тағы да оқыңыздар

Отандық емші коронавирус пен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты

Енді келіншек тек бір жақ өкпемен өмір сүруге мәжбүр. Қазіргі уақытта ол бұлшықет әлсіздігіне байланысты өздігінен жүре алмайды.

Фатима ол үшін арнайы құрылғыны пайдаланады. Дегенмен ол жаттығулардың көмегімен бұлшықеттерінің жұмысы қалпына келеді деген ойда.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 42 мыңнан асқанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
130 күн бойы коронавируспен күрескен келіншек қауіпті вирусты жеңіп шықты