Выйти
RU

Дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылуы: Медицина саласының 138 қызметкері полицияға жеткізілген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңесте құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сату бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.

Кеңесте ішкі істер министрі Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМ денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы баяндады.

Көрсетілген кезеңде барлығы 4000-нан астам карантинді бұзушылар анықталып, шара қолданылды. Атап айтқанда мұндай жағдай Алматы қаласында, Ақмола, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп тіркелген.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев: Баяндама бетінде жағдай бақылауда болғанымен, іс жүзінде олай емес

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағада сатылған.

Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кескен. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынған.

Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.

Сонымен қатар Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жатқан қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті 13 000 полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті  жұмыс істеуде. 4 облыста 2 санитариялық және 9 блок-бекет қойылды. 241 жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысан қоршауға алынған.

Тағы да оқыңыздар

КВИ-мен күреске бөлінген қаржыны жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде

Кеңес қорытындысы бойынша, президент ішкі істер органдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын, ал, кінәлілер заңнамаға сәйкес жазаланатынын атап өтті.

Бұл тапсырманың іске асырылуын бақылау президент әкімшілігінің үйлестірумен Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратына жүктелді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылатынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылуы: Медицина саласының 138 қызметкері полицияға жеткізілген