RU

Елімізде демалыс күндері 120-дан астам адам коронавирустан қайтыс болған

Қазақстанда өткен демалыс күндері 121 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеде республика бойынша қауіпті дерттен құрбан болғандардың саны 585-ке жеткен. Демалыс күндері коронавирус елімізде 121 науқастың өмірін жалмағаны белгілі болды.

Cоңғы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1499 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 71 838-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, республика бойынша 43 401 науқастың вирусты жеңіп, ауруханадан шыққаны хабарланды.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап, елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін айтқан болатын.

Ал жыл басынан бері яғни 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елде 3 327 адам пневмониядан қайтыс болған.

Айта кетейік, осыған дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қызмет еткен Мақсұт Құлжанов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қашан пайда болуы мүмкін екенін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865696-elimizde-demalys-knderi-120-dan-astam-adam-koronavirustan-kajtys-bolgan.html