Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Олжас Құдайбергенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Олжас Құдайбергенов/Facebook
Фото: Олжас Құдайбергенов/Facebook: UGC

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", - деді ол.

Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Ол 2014 жылы сол кездегі Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовтің кеңесшісі болған.

Олжас Құдайбергенов 1982 жылы 21 маусымда Түркістанда өмірге келген. Отбасылы.

2001 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығын бойынша бітірген. Сонымен қатар Алматы қаласындағы халықаралық КИМЭП университетінде білім алған.

Ол экономиканың түрлі секторында басшылық қызметтерде болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Олжас Құдайбергенов Қазақстандағы коронавирусқа байланысты ахалуға пікірін білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1865721-olzas-kdajbergenov-prezidentini-stattan-tys-keessisi-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel