RU

Әкесінің жансыз денесінің жанында үйленген жігіт жұртты таңғалдырды

Индонезиядан шыққан Ромадони Путра Пратама әкесінің өлі денесінің жанында некесін қидырған. Оның айтуынша, ол өз тойына әкесінің қатысқанын қатты қалапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Әкесінің жансыз денесінің жанында үйленген жігіт таңғалдырды
Фото: kl.antaranews.com: UGC

Жігіт пен оның сүйіктісі үйленетін болып шешкен кезде кенеттен COVID-19 пандемиясы басталып, неке қию рәсімі кейінге шегерілді.

Ал жағдай тұрақтанғанда Пратаманың әкесі аяқ асты жаттығу кезінде көз жұмыпты.

Десе де, жігіт әкесі қайтыс болғаннан кейін 5 сағаттан соң, дәл оның жансыз денесінің жанында отырып некесін қидыртқан.

"Маған әкемнің ауруханада көз жұмғаны туралы қаралы хабар келіп жетті. Сол кезде біз оның денесінің жанында некемізді қидыруға бел будық. Мен оның рухы қасымда болып, сүйіктіме үйленіп жатқанымды көрді деген сенімдемін", - деді жігіт.

Жігіттің сөзінше, ол оның тойын көргісі келген әкесін осылайша разы қылған.

Естеріңізге сала кетейік, үйленгеннен кейін ғана ер адамды жар етіп алғанын білген азаматтың полицияға арызданғаны туралы жазған едік.

Ер адам арманындағы аруын жолықтырғанына сенімді еді. Ол бірде-бір рет көріспестен суреттен ғана көріп жүрген сұлуға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Ал ол өз кезегінде келісімін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865726-kesini-zansyz-denesini-zanynda-jlengen-zigit-zrtty-tagaldyrdy.html