Выйти
RU

Чехия кәсіпкерлері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшісі Марат Тәжиннің өтініші бойынша бірқатар чех кәсіпкерлері елімізге медициналық жабдықтарды, жеке қорғаныс құралдары мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдарды жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Чехия кәсіпкерлері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Фото: Чехиядағы ҚР елшілігі: UGC

Атап айтқанда, "Sonnenenergie" компаниясының бас директоры Ян Сонненшайн пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын Америкада өндірілген оттегіге арналған бірқатар конденсаторларды сатып алды.

Қазақстанның Чехиядағы құрметті консулы Карл Долейши медициналық қызметкерлерге арналған көптеген қорғаныш костюмдерін сатып алды.

Сондай-ақ, "OMNIPOL" корпорациясы бірқатар медициналық заттарды жеткізді.

Қазақстанның Чехиядағы елшісінің айтуынша, аталған медициналық өнімдердің барлығы 20 шілдеде Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, әрі қарай тарату үшін "СК-Фармация" ЖШС-не жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте "СҚ-Фармация" Қазақстанға басқа елдерден келіп жатқан гуманитарлық көмекті неліктен 2 ай бойы таратпағанын айтты.

Тағы да оқыңыздар

Мамин: Қазақстан Ресейден КВИ вакцинасын алғашқылардың бірі болып алудан үмітті

Белгілі болғандай көмекті ел аумағында тарату үшін компанияның құзыреттілігі болмаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Чехия кәсіпкерлері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді