Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір апта ішінде 210 адам коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Қазақстанда өткен аптаның ішінде (13-19 шілде) 210 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Елімізде аталған індеттен қайтыс болғандар саны 585-ке жетті. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда тіркелген. Өткен аптаның өзінде елордада COVID-19 инфекциясынан 114 адам көз жұмған. Эпидемия басталғалы бері мұнда 195 адам коронавирустан қайтыс болды.

Өлім-жетім көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы екінші орында тұр. Жалпы еліміздің аумағында инфекция тарағалы бері мұнда 81 адам көз жұмды.

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 71 838 адамға жетіп отыр. 43 мыңнан астам адам инфекциядан жазылып шыққан.

Сондай-ақ Қазақстанда өткен демалыс күндері 120-дан астам адамның коронавирустан қайтыс болғанын жазғанбыз.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап, елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін айтқан болатын.

Ал жыл басынан бері, яғни 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елде 3 327 адам пневмониядан қайтыс болған. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 1 896 жағдай тіркелді. Өлім-жетім көрсеткіші 1,75 есе өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865738-bir-apta-isinde-210-kazakstandyk-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel