RU

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады

Биыл қазақстандықтар тамыз айында 20 жұмыс күн жұмыс істеп, 11 күн  демалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы электронды үкімет сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Күнтізбедегі сенбі мен жексенбіден бөлек, қазақстандықтар 31 тамызда да демалатыны белгілі болды. Бұл күн күнтізбеде қызыл түспен боялып тұр. Өйткені 30 тамыз жексенбіге түскен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің демалысы дүйсенбіге ауыстырылмақ.

Скриншот: Электронды үкімет
Скриншот: Электронды үкімет: Depositphotos

Ал шілде айында ел тұрғындары 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады.

Себебі 6 шілде, елорда күні дүйсенбіге тура келгендіктен, қатарынан үш күн демалыс берілді. Сонымен қатар, Құрбан айт 31 шілдеге, яғни жұма күнге түсіп тұр. Осылайша, шілденің соңында да қазақстандықтарды қатарынан үш күн демалыс күтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан Көбейтұз, Кұрбет, Теңіз, Қоржынкөл және басқа да көлдерге баруға тыйым салынғанын жазған едік. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін осылай болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865764-kazakstandyktar-tamyz-ajynda-kansa-kn-demalady.html