Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғындары карантинде дүркіретіп қыз ұзату жасаған (видео)

Опубликовано:

Павлодарлық полицейлер тексеріс кезінде мейрамханада дастархан дайындап, қыз ұзату өткізгелі жатқан тұрғындардың "үстінен түсті". Тәртіп сақшылары кафе асханасына өтіп, онда түрлі ұлттық тағамдар әзірленіп жатқанын аңғарған деп жазады KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының ПД-не сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: UGC

Полиция қызметкерлерінің жедел түсіріліміне қарап, кейбір павлодарлықтар үшін дүбірлі той өткізуге карантин режимі мүлдем кедергі келтірмейді деп есептеуге болады.

18 шілде күні тәртіп сақшылары мен санитарлық дәрігерлер түскі сағат үште қалалық мейрамханалардың біріне кіріп, дүбірлі тойдың үстінен түскен.

Тексеріспен келген мамандардың сұрақтарына той қонақтары да, мейрамхана қызметкерлері де жауап беруден бас тартқан.

Полицияның хабарлауынша, мерекелік шараға елуден аса адам шақырылғаны белгілі болды. Той иелері қыз ұзатуды өткізбек болған.

Карантин режимінің ережелерін ескермеген кафе басшысы мен той ұйымдастырушысына хаттама толтырылды. Кәсіпкерге 640 мың теңге, қуаныш иесіне 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өңірлік полиция департаментінде сол күні түн жарымда жұмыс істеген тағы бір кафе анықталғанын хабарлады. Оның іші меймандарға лық толы болған. Бұл оқиғаға қатысты материалдар да өңірдің қызметтер және тауарлар қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментіне жіберілген.

Тексеріс кезінде полицейлер карантин режимін бұзған 40-тан аса кафе, 70-ке жуық дүкен, жетуі сауна мен шамамен оншақты көлік жөндеу орталықтарын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865776-pavlodar-trgyndary-karantinde-drkiretip-kyz-zatu-zasagan-video/

pixel