RU

Бағдат Мусин президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды" , - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы тағы бір қаулыға қол қойды. Асқар Жұмағалиев цифрлік даму министрі лауазымынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865794-bagdat-musin-prezidentti-cifrlandyru-znindegi-keessisi-kyzmetinen-bosatyldy.html