Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егер адам үйде көз жұмса, қайтыс болғаны туралы куәлікті қайдан алуға болады

Опубликовано:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласындағы емханасының басшысы карантин кезінде үйде көм жұмған адамның қайтыс болғаны туралы анықтаманы қайдан алу керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Егер адам үйде көз жұмса, қайтыс болғаны туралы куәлікті қайдан алады
Көрнекі фото: depositphotos: UGC
"Коронавирустан қайтыс болғаны туралы куәлік алу үшін сіз емхананың байланыс орталығына немесе учаскелік дәрігерге хабарласуыңыз керек. Ол үшін жеке куәлік қажет. Клиникада өлім туралы куәлік алдыңғы динамикалық бақылауды және адам тіркелген диагнозды ескере отырып беріледі", – деді Сәуле Смағұлова.

Ол сонымен қатар елордада жоспарланған ауруханаға жатқызу әлі қалпына келтірілмегенін айтты. Бұл туралы шешім 2 тамызда карантин аяқталғаннан кейін қабылданады. Нұр-Сұлтанда шұғыл ауруханаға жатқызу тоқтатылған жоқ. Қазақстанда осы күнге дейін коронавирус диагнозымен 585 өлім жағдайы тіркелді.

Қазақстанда өткен аптаның ішінде (13-19 шілде) 210 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Оның ең көп бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында – 114 адам. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Елде тәулік ішінде 1500-ге жуық Covid-19 жұқтырған адам анықталды. Жалпы, Қазақстанда 70 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865812-eger-adam-jde-kz-zmsa-kajtys-bolgany-turaly-kulikti-kajdan-aluga-bolady/

pixel