RU

"Екі-үш күнде шығарады": Ауруханада жатқан Шахановтың жағдайы белгілі болды

Қазақстанның мәдениет қайраткері Құдияр Біләл ауруханада ем алып жатқан Мұхтар Шахановтың қазіргі жағдайын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жазушының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Мұхтар Шаханов. Фото: shymkenttv.kz
Мұхтар Шаханов. Фото: shymkenttv.kz: Facebook

"Жалын" журналы бас редакторының орынбасары Мұхтар Шахановпен терезе сыртынан тілдескенін жеткізді. Айтуынша, оның жағдайы жақсы.

"Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді. Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы. Дәрігері: "Екі-үш күнде шығарып қаламыз", - деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты. Біз өз тарапымыздан: "Ол қанша болуы керек еді?", - деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: "Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын. Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз", - деді. Мен дәрігер қарындасыма: "Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші", - деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады.
Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!", – деп жазды Құдияр Біләл.

Айта кетейік, бұған дейін "Жалын" журналының бас редакторы Мұхтар Шахановтың орынбасары Құдияр Біләл басшына қатысты желіде тараған қауесетке жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865818-eki-s-knde-sygarady-auruhanada-zatkan-sahanovty-zagdajy-belgili-boldy.html