Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұзды су коронавирус инфекциясын жоя ала ма: Алматылық маман жауап берді

Опубликовано:

Алматылық инфекционист дәрігер Тамара Утағанова көпшілік арасында тараған "тұзды суда коронавирус өледі" деген болжамды жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Тұзды су коронавирус инфекциясын жоя ала ма: Инфекционист жауап берді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Коронавирус тұзды суда өледі деген қауесет инфекция төңірегінде тараған аңыздардың бірі ғана. Ал бұл вирус барлық дезинфекциялық құралға, антисептикке сезімтал келеді. Қолды антисептикпен дұрыс тазалау керек, қолды дұрыс жуу кезінде коронавирус өледі", – дейді инфекционист.

Сонымен қатар, маман вирустың сыртқы ортада 96 сағат бойы сақталатынын және дүкеннен сатып алған азық-түлікті тазалау қажет екенін айтты.

"Бұған дейін де вирустың сыртқы ортада 96 сағат бойы сақталатыны айтылды. Азық-түлікті әдеттегідей өңдеу қажет. Дезинфекциялаушы құрал немесе сабынмен өңдеудің қажеті жоқ, алайда оларды тазарту керек", – дейді маман.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Әзербайжанның бас инфекционист-дәрігері Джалал Исаев азаматтарға теңізге баруға рұқсат беру керектігін мәлімдеген еді. Айтуынша, вирустар теңіз суында тез өледі. Ауру жұқтыру қаупі жоқ десе де болады.

Дегенмен маман жағажайларға бару үшін тиісті механизм жасап шығару керектігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865826-tzdy-su-koronavirus-infekciasyn-zoa-ala-ma-infekcionist-zauap-berdi/

pixel