RU

33 жастағы Кэмбридж түлегі сауда және интеграция вице-министрі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әсел Жанасова. Фото: primeminister.kz

Әсел Жанасова. Фото: primeminister.kz: UGC

Жанасова Әсел Жұбанышқызы 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2010 жылы президенттің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді «Executive Management» бағдарламасы бойынша бітірген.

2010-2014 жылдар аралығында Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып қызмет етті.

2014-2016 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкінің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары — «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы.

2017-2018 жылдары — «Астана» Халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусиннің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
33 жастағы Кэмбридж түлегі сауда және интеграция вице-министрі болды