Выйти
RU

Адамның коронавирустан жазылғанын қалай білуге болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың дәрігер-инфекционисті Тамара Утаганова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында адамның коронавирустан жызылғанын қалай білуге болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Оның айтуынша, науқастың инфекциядан айыққанын интоксикация белгілері айтарлықтай азайып немесе толық жойылғанда және дене қызуы қалыпқа түскенде білуге болады.

Сондай-ақ әлсіздіктің, тершеңдіктің азаюы мен дененің сырқырауы және бас ауруының жойылуы да науқастың денсаулығы жақсарғанын білдіреді.

Дегенмен ол әр адамда инфекция әрқалай өтетінін жеткізді.

Маманның айтуынша, вируспен ауырып шыққан адамдарда әлсіздік, тершеңдік сақталып, ұйқысы нашар болуы мүмкін. Кей адамдардың иіс пен дәм сезу қабілеті үш күннен кейін қалпына келсе, кейбіреулерге бір-екі ай уақыт қажет болады. Яғни, бұл әр адам ағзасының ерекшелігіне байланысты.

Алайда, бұл аталған ауру белгілері сақталған адамның өзгелерге қауіп тудыратынын білдірмейді. Керісінше, маман дерті ауру белгілерінсіз өтіп жатқандарға екі апталық карантинге жатуға кеңес берді.

"Қауіпті вирусты қайта жұқытру қаупі бар ма?", – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Өз кезегінде, Тамара Утаганова қалада ондай жағдай тіркелмегенін атап өтті.

Айта кетейік, елімізде демалыс күндері 120-дан астам адам коронавирустан қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Адамның коронавирустан жазылғанын қалай білуге болады