RU

Коронавируспен күресу үшін ресейлік дәрігерлердің екінші тобы Қазақстанға келе жатыр

Мәскеу қаласының 15 медицина қызметкерлерінен құралған топ Қазақстанға аттанды. Олар Қостанай облысының жергілікті мамандарына коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуде көмек көрсетпек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Мәскеу қаласының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Мәскеулік дәрілерлер тобы Қазақстанға ұшып кетті
Фото: Мәскеу қаласы денсаулық сақтау департаменті: UGC

Көпсалалы медициналық топты Н.В. Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты төтенше жағдай кезіндегі жұмыс үшін мамандандырылған медициналық көмек отрядының меңгерушісі Олег Черныш басқарады.

Бұл коронавирусқа қарсы күресте Қазақстанға жіберілген екінші Мәскеу медициналық тобы.

Мәскеу бригадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстан аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды зерттеу және жергілікті денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу болады.

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған пацинеттер жатқан стационарларға барып, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, науқастарды тексереді және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді.

Ресейлік ақ халаттылардың құрамында хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, пульмонолог, инфекциялық аурулар жөніндегі маман, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенолог, анестезиолог-медбикелер және коронавирусты науқастарды емдеуде үлкен тәжірибесі бар басқа да мамандар бар.

Медициналық бригадалар жұмысты бастау үшін барлық қажеттіліктермен, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

Еске сала кетсек, 6 шілдеде Ресейден арнайы рейспен 32 адамнан тұратын дәрігерлер делегациясы келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865877-koronaviruspen-kresu-sin-resejlik-drigerlerdi-ekinsi-toby-kazakstanga-kele-zatyr.html