RU

"Қазақстанды Беларусьқа тарту керек": Лукашенко Тоқаевқа қандай уәде берген (видео)

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен экономикалық және өнеркәсіптік байланысты дамытудың маңыздылығы жайлы айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген уәдесін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстанды Беларусь еліне тарту керек: Лукашенко Тоқаевқа қандай ант берген
Александр Лукашенко. Фото: Mikhail Svetlov / Contributor / Getty Images: Getty Images

2020 жылдың 20 шілдесінде Беларусь президенті елдің Қазақстандағы жаңа төтенше және өкілетті елшісін тағайындады. Бұл қызметке Өнеркәсіп министрінің бұрынғы орынбасары Павел Утюпин келді деп жазады "Белта" агенттігі.

Лукашенко Беларусьтің өнеркәсіптік секторында тәжірибесі бар адамды Қазақстанға елші етіп тағайындай отырып, көздеген мақсаттары туралы баяндады.

Президент өзі мен ел үкіметі үшін қазақстандық өнеркәсіп және екі мемлекет арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды екенін жеткізді.

Лукашенко сонымен қатар жиында Беларусьте "лайықты құзыреті" бар ауыл шаруашылығы машиналарын ерекше атап өтті.

"Қазақстанды Беларусь еліне тарту керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Лукашенко бұл мәселені Қазақстандағы көптеген шенеунікпен, соның ішінде мемлекет басшысымен де белсенді талқылағанын тілге тиек етті.

Президент тағайындалған дипломатқа "оған (Қасым-Жомарт Тоқаевқа - ред) бұл қызметке әдепті әрі парасатты адам келеді деп уәде еткенін" жеткізді.

Сондықтан, мемлекет басшысы Утюпинге Қазақстанға демалыс үшін емес, екі ел арасындағы байланысты дамытуда көп жұмыс атқару үшін кетіп бара жатқанын еске салды.

Айта кетейік, осыған дейін Беларусьтің бірқатар БАҚ өкілдері мен Telegram-арналары Александр Лукашенконың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенін жазған еді. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы бұл қауесеттерді жоққа шығарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1865885-kazakstandy-belaruska-tartu-kerek-lukasenko-tokaevka-kandaj-ude-bergen-video.html