Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жерленген ер адам төрт ай өткен соң зираттан тірідей табылды (фото)

Опубликовано:

Мысырда ер адам жерлеу рәсімінен төрт ай өткен соң, зираттан тірідей табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жерленген ер адам төрт ай өткен соң зираттан тірідей табылды (фото)
Фото: youm7.com: UGC

Мұхаммед Эль-Гаммаль осы жылдың қаңтарында із-түзсіз жоғалып кеткен. Отбасы ер адамға іздеу салған, бірақ одан еш нәтиже шықпапты.

Туыстары журналистерге оның психикалық ауытқудан зардап шегіп, үйден жиі кететінін айтқан.

Біраз уақыттан кейін, мысырлықтың үйіне жергілікті ауруханада жұмыс істейтін туысқаны қоңырау шалып, ер адамның денесі емханаға жеткізілгенін айтады. Барлық туыстары оның Мұхаммед екенін растаған.

Табылған ер адамның денесінен ДНҚ үлгісі алынып, бірақ отбасы тексеру нәтижелерін күтпей-ақ наурыз айының соңында жерлеу рәсімін өткізуді ұйғарған.

Төрт ай өткен соң, түнде бір топ жастар зираттың ішінде кезіп жүрген адамды байқаған. Ол бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бұл жоғалып кеткен Эль-Гамаль екені анықталады.

Әзірге ер адамның осыншама уақыт бойы қайда болғаны белгісіз.

Еске сала кетсек, Австралияның 59 жастағы тұрғыны түн ортасында қайтыс болып, 90 минуттан кейін қайта көзін ашқаны туралы жазған едік.

Ер адамға көмек көрсетуге асыққан жедел жәрдем қызметкерлері есін жиған азаматты көріп, таңғалып қалған.

Сондай-ақ, Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде "марқұм" әйел орнынан тұрып, жүріп кеткені жайлы жазған болатынбыз.

Оған қоса, Қытайдың Чунцин қаласының 43 жастағы тұрғыны өзін кремациялап, жерлегеннен кейін екі айдан соң үйіне оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1865887-zerlengen-er-adam-trt-aj-tken-so-zirattan-tiridej-tabyldy-foto/

pixel