Выйти
RU

"Дұғадамыз": Сұлтанқызы жансақтау бөлімінде жатқан ағасы үшін алаңдауда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы туған ағасының қатты сырқаттанып қалғанын хабарлады. Ақпарат өкілінің бауыры инсульт алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның жансақтау бөлімінде жатқанына осымен он бір күн болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy

Фото: Instagram/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы 44 жастағы ағасының әлі де жансақтау бөлімінде жатқанына аса алаңдаулы. Тележүргізуші оның сырқатына вирустың тікелей қатысы бар болуы мүмкін деп есептейді. Ол мұндай жағдайда шарасыз болғандықтан, дұға етуден басқа амалы қалмағанына қынжылды.

"44 жастағы туған ағам инсультпен құлап, реанимациядан бір-ақ шықты. Жырақта жығылып уайымдаған екі есе ауыр екен. Вируспен ауырмаса да, тікелей қатысы бар меніңше. Әр адамның әлсіз жеріне бас ұрады екен. Ағам өзі 15 жасынан дін жолын таңдаған еді. Мен ес білгелі намазда. Бірнеше рет қажылыққа барып, мешітте жұмыс істеді. Намаз оқымағаным үшін: «Әй, бұл үйдің жалғыз қызы ғой. Мейлі», - деп қоя салатын. Ағатай, осыдан жазылшы тек. Айтқаныңның бәрін істеймін, бәрін.

Тағы да оқыңыздар

Отандық телеарна қызметкері 11 айдан бері комада жатыр (фото)

Он бірінші тәулік. Ағамның реанимацияда жатқанына 11 күн болды. Жағдайы бірқалыпты. Инсульт ұзақ емделеді дейді. Қазірге тек дұғадамыз. Мұны жазып отырған себебім, күнде жекеме жазып, қал-жағдайын сұрап жатқандар көп. Әрқайсыңызға жанашырлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Суретті “Әжемнің балалары” деп атаушы ем. Ағам екеуміздің бал шағымыздың көрінісі. Өмірдің қиындығы мен қызығы қатар жүреді ғой. Уайымдап жүргенімізде інім қызды болды. Әжем: «Қыз көбейсе, жыл тыныш», - деп жорушы еді. Жақсылықтың нышаны деп болжадым. Үміті қашан да үзілмейтін пендеміз ғой" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дұғадамыз": Сұлтанқызы жансақтау бөлімінде жатқан ағасы үшін алаңдауда