Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шатыстыңдар": Қадыров Пампеоның мәлімдемесіне жауап берді

Опубликовано:

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео елдің мемлекеттік департаменті Шешенстан басшысын қара тізімге енгізгенін хабарлаған еді. Рамзан Қадыров бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қадыров Пампеоның мәлімдемесіне жауап берді
Фото: t.me/RKadyrov_95: UGC

Пампеоның мәлімдемесінен кейін көп ұзамай Қадыров өзінің Telegram арнасында жауап ретінде жазба жариялады.

Жазбасында Шешенстан басшысы ішінде ірі калибрлі пулеметтер бар қару-жарақтарға толы бөлмеде, әр қолына бір қарудан ұстап тұрған суретін жария етті.

Суреттің жазбасына Рамзан Ахматұлы "Помпео, біз ұрысты қабылдаймыз! Бұдан әрі қызықтырақ болады!" деген жазба қалдырған.

Осыдан кейін саясаткер Мемлекеттік департаменттегілерге арналған тағы бір жазба қалдырды, Қадыров жазбаға өзінің жанұясымен түскен суретін қойған.

Онда Қадыров америкалық саясаткерлерге халқының 100 пайызға жуығы сайлаған көшбасшысы екенін естеріне салды. Болып жатқан жайтты мұхиттың арғы жағында отырып сынағанша, бір рет Шешенстанға келіп, халық оны бірауыздан қолдайтынына көз жеткізуге болатынын жеткізді.

"Менің отбасымның мүшелері, шешендердің әрқайсысы ұлы мемлекетіміздің абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға дайын!", – дейді Қадыров.

Шешенстан Республикасының басшысы санкциялар тізіміне оның әйелі мен қыздарының ену себебін түсінбей, аң-таң. Айтуынша, олар ешбір заң бұзбаған әрі адам құқығын аяққа таптар әрекетке бармаған.

Саясаткер АҚШ оның отбасы мүшелері арасында алауыздық туғыза алмайтынын, оған ешқандай "қара тізімнің" күші жетпейтінін айтты.

"Сендер ашық әділетсіздікке баруды және менің отбасымның арасында алауыздық тудыруды ұйғарыпсыңдар. Қолдан келеді деп ойлаған шығарсыңдар, алайда шатыстыңдар. Шешеннің отбасы институты сендердің санкцияларыңнан да мықты!", – дейді Рамзан Қадыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865893-satystydar-kadyrov-pampeony-mlimdemesine-zauap-berdi/

pixel