Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"14 жасымда сахнаға шығарған": Жанар Дұғалова Мұрат Ерғалиевты есіне алды

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жанар Дұғаловаға "Жас қанат" байқауының бас продюсері Мұрат Ерғалиевтың мезгілсіз қазасы аса ауыр тиді. Әнші үшін марқұм азаматтың орны аса бөлек болған. Ол Жанар Дұғалованың үлкен сахнаға шығуына септігін тигізіп, өнер жолында барынша қолдау көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhanar_dugalova.
Фото: Instagram/zhanar_dugalova.: Instagram

Ерғалиев пен Дұғалованың таныстығы 2001 жылы "Жас Қанат" байқауы барысына орын алған. Ол кезде шоу-бизнес сылқымы небәрі он төрт жасында топ жарып, музыкалық дода тарихындағы ең жас жеңімпаз атанған болатын.

Жанар Дұғалова өнердегі үлгі тұтар ұстазының бақилық болғанына әлі де көніге алмай жүрген көрінеді. Әнші ару әлеуметттік желіде марқұмды есіне алып, оған қатысты ең жылы естеліктерімен бөлісті.

"14 жасымда үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік берген, жасыма қарамастан өнеріме үлкен үміт арқан, бірнеше халықаралық бәйгелерде жеңіске жетелеген Мұрат Ерғалиев ағаның мен үшін орны бөлек! Жатқан жері жайлы болсын! Иманы жолдас болсын" , - деп жазылған эстрада жұлдызының Instagram парақшасында.

Айта кетейәк, "Жас қанат" байқауының бас продюсері Мұрат Ерғалиев 18 шілде күні қайтыс болды. Анықталғандай, ол коронавирус инфекциясының салдарынан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865903-14-zasymda-sahnaga-sygargan-zanar-dgalova-mrat-ergalievty-esine-aldy/

pixel