Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабай мен Ақмола облысының басқа да туристік аймақтары 10 күнге жабылмақ

Опубликовано:

Ақмола облысының туристік аймақтары 24 шілдеден 3 тамызға дейін 10 күнге жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы Туризм басқармасының ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бурабай мен Ақмола облысының басқа да туристік аймақтары 10 күнге жабылмақ
Фото: tumba.kz: Facebook

Бұл шектеулер коронавируспен күрес шараларына тікелей байланысты. Енді туристік аймақтарға кірерде периметр бойынша блок-бекеттер қойылады және трафик шектеледі.

Ерте келген туристерге курорттар мен қонақ үйлерде қалуға тура келеді. Одан бөлек, міндетті түрде маска тағып, бір-бірімен ара-қашықтық сақтау керек.

Қонақ үй жұмысшыларына алдын ала тапсырыс алуға тыйым салынады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет ететін курорттар өз жұмыстарын жалғастырады. Алайда, аталған орындарда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіледі.

Қонақ үйлерде жалға алынған жағажайлар, сауналар мен бассейндер қызметін тоқтатады. Сондай-ақ, су айдындары мен қайық станцияларының бойында орналасқан ойын-сауық және сауда орындары да жұмыс істемейді.

Бұл шектеулерді сақтауға қатаң бақылау жүргізіледі. Ведомство облыс тұрғындары мен көрші өңір тұрғындарына бекітілген шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар мекеме туристік аймақтар мен адамдар көп жиналатын басқа орындарға баруды уақытша тоқтата тұруды ұсынып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан "Көбейтұз", "Кұрбет", "Теңіз", "Қоржынкөл" және басқа да көлдерге баруға тыйым салынғанын хабарлаған едік. Бұл елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865908-burabaj-men-akmola-oblysyny-baska-da-turistik-ajmaktary-zabylmak/

pixel