Выйти
RU

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қатаң карантиннің қорытындысын шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 шілдеде карантин режимі енгізілгеннен бастап коронавирус инфекциясының күнделікті өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін төмендегенін айтты. Бүгінде күн сайын орта есеппен 1500-1600 жаңа КВИ жұқтыру дерегі анықталуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ДСМ қатаң карантиннің қорытындысын шығарды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің айтуынша, коронавирустан емделіп шыққан адамдардың саны 60 пайызға артқан. Бұл уақытша ауруханалардағы төсек-орындардың 20%-ын босатуға мүмкіндік берген. Егер карантин енгізілгенге дейін бұл көрсеткіш 89% болса, қазір ол 69%-ды құрайды.

Реанимация бөлімшелеріндегі төсек-орындардың қамтылуы 73-тен 67%-ға, яғни 6% төмендедген. Нәтижесінде 103 қызметіне қоңырау шалу саны 23% төмендеп, соңғы жеті күн ішінде коронавирустың таралуы мен өлім-жітім деңгейінің тұрақтануы байқалған.

Осылайша, соңғы апта ішінде күн сайын КВИ жұқтырудың 1500-1600 дерегі тұрақты түрде тіркеліп отыр. Коронавирустан көз жұмғандар саны 610 адамға жетті, деп қосты министр.

Тағы да оқыңыздар

Ресейлік мамандар шымкенттік дәрігерлердің жұмысына қандай баға берді

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы осы айдың үш аптасында жұқпалы аурулар мен уақытша ауруханалардағы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін, яғни 19,3 мыңға артқанын атап өтті. Бұл ауруханаға жатуға мұқтаж барлық пациенттерді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі уақытта елдегі жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған төсек-орындарының орташа қамтылуы 55% қысқарған, 9,8 мың пациент COVID-19-ға қарсы стационарлық ем алуда.

Дәрігерлер пациенттердің көбінің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Министрдің айтуынша, жансақтау бөлімінде 319 пациент емделіп жатыр, республика бойынша реанимация бөлімшелеріндегі төсек-орындарды қамту 58% құрайды. Карантин енгізілгенге дейін бұл көрсеткіш 91%-ды құраған.

Уақытша стационарда 14 мың қосымша төсектердің қойылуына байланысты орын тапшылығы 89%-дан 20%-ға төмендеген.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент: Эпидемиологиялық жағдай бақылауда

Бүгінгі таңда аталған ауруханалардағы төсек-орындарды қамту 69%-ды құрайды. Адамдарды амбулаториялық деңгейде және үйде емдейтін үш мыңға жуық жылжымалы емхана бригадасы құрылды. Осы айдың аяғында бұл көрсеткіш 3,5 мыңға дейін жетеді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд екенін қажет екенін айтқан еді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қатаң карантиннің қорытындысын шығарды