Выйти
RU

Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет басшысы Асқар Мамин ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен және өңірлерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша министрлер мен әкімдерге тапсырма берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz: UGC

Бүгін Асқар Маминнің төрағалығымен үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Онда елімізде қабылданып жатқан эпидемияға қарсы шаралар және президент берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

"Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталу деңгейіне шықты. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1% құрайды, ең төменгі өсім тәулігіне Шымкентте – 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында – 0,5% тіркеліп отыр.
  • Жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Провизорлық төсек-орынның бос болмауы 20%-ға (89%-дан 69%-ға дейін) және реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 6%-ға (73%-дан 67%-ға дейін) азайды. COVID-тен сауығып кеткендердің саны 60%-ға өсті, жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға төмендеді. 
  • Амбулаторлық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін 2962 БМСК мобильді бригадасы құрылды. Осы айдың соңына дейін мұндай бригадалар саны 3500 дейін жеткізіледі. Емханалардағы Call-орталықтар саны 16%-ға артты. 
  • Бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 4183 аппарат сатып алынады, 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге, 6237 орын оттегі концентраторларының есебінен қосылады. Бүгінде ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Биылғы жылдың 1 тамызына қарай бұл көрсеткіш тәулігіне 35,6 мыңға дейін, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне қарай тәулігіне 64 мыңға дейін жеткізіледі.
  • Амбулаторлық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді бригада құрылып, жұмыс істейді, бұл қажеттіліктің 94%-ын жабады. Ауылда 641 жедел медициналық жәрдем машинасы тартылған", - деді Мамин жиын барысында.

Тағы да оқыңыздар

Ресейлік мамандар шымкенттік дәрігерлердің жұмысына қандай баға берді

Үкімет басшысы әкімдіктерге, денсаулық сақтау және индустрия министрліктеріне өңірлердегі ауруханаларды қажеттіліктеріне сай ӨЖЖ аппараттарымен тамыздың соңына дейін қамтамасыз етуді тапсырды. 

"Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында ПТР-тестілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және кадрлармен жасақтауды қамтамасыз ету, әкімдіктерге анализдерді өңірлердің зертханаларына жеткізудің тиімді логистикасын пысықтау тапсырылды.

Индустрия, денсаулық сақтау және қаржы министрліктеріне шұғыл түрде өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды отандық өндірістің цифрлық рентген аппараттарымен жарақтандыру мәселесін шұғыл шешу, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газдардың толық көлемін өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

"СҚ Фармация"-ға ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, оларды қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлу, сондай-ақ олардың дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін белгілеу жүктелді", - деді премьер-министр.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент: Эпидемиологиялық жағдай бақылауда

Үкімет басшысы сонымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақтөбе облысының үлгісі бойынша әр өңірде Тұрақтандыру қорларында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын жасау туралы тапсырма берді. 

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске тағы 42 млрд екенін қажет екенін айтқан еді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді