RU

ШҚО-да жекеменшік үйге ұрлыққа түскен азамат өзін-өзі полицияға ұстап берді

Telegram logo VKontakte logo

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында ұры қылмыс орнында ұйықтап қалып, полицияның құрығына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да ішімдікке тойған ұрлықшы қылмыс орнында ұйықтап қалған

Көрнекі фото: obzor.io: Getty Images

54 жастағы күдіктінің айтуынша, ағымдағы жылдың 19 шілде күні түнде ол мас күйінде жеке үйге кіріп, үй иелерінің жоқ екенін алдын ала біле тұра, азық-түлік өнімдерін ұрлаған.

Заңсыз алған заттарын полиэтилен пакетіне жинаған ол қылмыс орнында ұйықтап қалған.

Ал таңертең ұрланған заттармен көшеге шыққанда полиция қызметкерлеріне ұсталған. Ол Жарма аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Азаматтың осыған дейін де ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімі 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (тұрғын жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді полициядан.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысында полицейлер жергілікті тұрғынның сандықтағы ақшасын ұрлап кеткен туыс інісін ұстағанын хабарлаған едік.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
ШҚО-да жекеменшік үйге ұрлыққа түскен азамат өзін-өзі полицияға ұстап берді