Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазылып кеттік": Тимур Балымбетов жары екеуі коронавируспен ауырғанын мойындады

Опубликовано:

Танымал отандық телепродюсер Тимур Балымбетов әйелі екеуі коронавирус жұқтырып алып, одан жазылып шыққанын айтты. Жас жұбайлардың ауруы жеңіл формада өткен. Індетті азғантай уақытта еңсере алған жұлдызды жұп ешкімге тіс жармаған құпиясын енді ғана айтуды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balukz.
Фото: Instagram/balukz.: Instagram

Тимур Балымбетов келіншегі екеуі жазылып шықса да, үй үлкендері үшін аса қатты алаңдауда. Ол көпшілікті егде жастағы жақындарына қарап жүруін сұрады.

Тележүргізуші коронавирус инфекциясын емделу кезіндегі басты әрі маңызды факторларды атап өтті. Оның сөзінше, ең алдымен науқастардың психологиялық жағдайын қолға алу керек. Үрейге берілмей, керісінше оларға барынша қолдау көрсеткен жөн.

"Жақында ғана отбасын құрдым. Көпшілік сансыз сұрақтар жіберіп жатыр. Жауап бере кетейін, бұл менің алғашқы некем, балаларым да болған емес. Сүйіктімді кезіктірмес бұрын мұндай ой мүлдем болмаған еді. Ол менің өмірімді түбегейлі өзгертті.

Сүйіктім екеуміз коронавируспен ауырып болдық. Ауру жеңіл формада жүрді. Бүгінде өзімізді өте жақсы сезінудеміз. Осы сырқат салдарынан аса ауыр халде жатқан туыстарыма, жақындарыма қолдау білдіремін. Бұл тұрғыда науқастарға деген эммоционалдық қолдау мен психологиялық жағдай аса маңызды. Жақындарыңызды тыңдаңыздар, олармен бірге тыныс алыңыз" , - деп жазды Тимур Балымбетов Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1865944-zazylyp-kettik-timur-balymbetov-zary-ekeui-koronaviruspen-auyrganyn-mojyndady/

pixel