Выйти
RU

Саясаттанушы Бердымухамедовтің күйеу баласы коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік саясаттанушы және Орта Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубнов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің күйеу баласы, кәсіпкер Аннаназар Реджеповтің қазасы туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саясаттанушы Бердымухамедовтің күйеу баласы коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады

Гурбангулы Бердымухамедов. Фото: Рамиль Ситдиков / РИА Новости: Instagram

Өз дереккөздеріне сілтеме берген саясаттанушы марқұм Реджеповтің әйелі қазір ауыр халде екенін және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын мәлімдеді.

Сарапшы бұл жаңалықты өз Facebook парақшасында жазды.

Дубнов қайтыс болған Назар Реджеповті түркімен бизнес-топтарында "өте ықпалды" адам, сондай-ақ беделді тұлға деп атады.

Ресейлік саясаттанушы Түркіменстан Еуразиядағы жаңа коронавирус инфекциясын мойындамаған жалғыз мемлекет екеніне де баса назар аударды.

Дегенмен, мемлекет жаңа жағдайларды ресми түрде растамаса да, COVID-19 тарағанда енгізілетін шараларға ұқсас шектеулерді қабылдап жатыр.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 шілде күні Түркіменстандағы өз миссиясын аяқтады. Қорытынды бойынша елде коронавирус жоқ болып шықты. Осы орайда, Ашхабад қаласында өткен баспасөз конференцияда комиссия басшысы Кэтрин Смолвуд ел үкіметіне үндеу жасады.

Тағы да оқыңыздар

АҚШ Рамзан Қадыров пен оның отбасы мүшелерін қара тізімге енгізді

Ол Түркіменстанда коронавирустың таралмауының алдын алу үшін енгізілген күшейту шараларына оң баға берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Саясаттанушы Бердымухамедовтің күйеу баласы коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады