Выйти
RU

Білім министрі бірінші сынып оқушылары "Әліппені" оқуға қашан көшетінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: zhalagash-zharshysy

Фото: zhalagash-zharshysy: Instagram

"Жақында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістер енгізіліп, Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Ондағы маңызды жаңалықтардың бірі –келесі оқу жылында бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын болады.
  • Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында "Әліппенің" бағдарламасын оқыса, қалған екі тоқсанда "Ана тілі" пәнін оқиды.
  • Сәйкесінше, орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда "Букварь" мен "Обучение грамоте" пәндері жүргізіледі.

Айта кетейін, "Әліппе" Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.

Тағы да оқыңыздар

Биыл қазақстандықтар арасында хит болып жатқан "Көбейтұзға" баруға тыйым салынды

Қазіргі кезде оқулықтарды әзірлеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бағдарлама жасаумен айналысатын жұмыс тобын құрдық.

Оның құрамында мықты тіл мамандары, әдіскерлер, бастауыш сынып мұғалімдері мен бұған дейін оқытылған "Әліппе" оқулықтарының авторлары бар. Орынбасарым Шолпан Каринова осы жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізіп те үлгерді.

Бағдарламалар мен оқулықтар дайын болғаннан кейін оларды пилоттық мектептерде сынақтан өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Кейін басқа мектептерге жіберілетін болады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда", - деді министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгеретінін айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Білім министрі бірінші сынып оқушылары "Әліппені" оқуға қашан көшетінін айтты