RU

Өмірқұл Айниязов: Коронавирус қазақты ғана емес, бүкіл әлемді тізерлетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Өмірқұл Айниязов коронавирус салдарынан басынан қиын кезеңді өткеріп жатқан отандастарына үндеу жасады. Әнші бүкіл әлемде өршіп тұрған індетке қатысты жазба жариялап, халықты барынша сақтанып жүруге шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov.

Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov.: Instagram

Өмірқұл Айниязов коронавирус инфекциясы тек қазақ халқын емес, бүкіл әлемді тізерлеткенін айтты. Ол Instagram парақшасында елімізде соңғы бес айда індетпен күрес кезінде атқарылған істерге шолу жасап, көпшілікті сақтық шараларын ұстануға шақырды.

"Айналайын, ағайын! Амандықтарыңызды тілеймін! Ел-жұртымыз үшін қиын-қыстау шақ туып тұр. Короноіндет қазақты ғана емес, бүкіл әлемді тізерлетті. Амал қанша?! Сабыр сақталық! Бұл дүниеде бәрі де өткінші. Түн артынан таң атады. Бір қиындықтың бір жеңілдігі болады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сан мәрте қайталап жүргеніндей, жақсы күндер алдыда. Тек, осы бір сынақтан ел береке-бірлігіне, тұтастығына нұқсан келтірмей шықсақ болғаны.

Тағы да оқыңыздар

"Жиын, той жасауды доғару керек": Асанәлі Әшімов бастаған зиялы қауым өкілдері халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Үкіметтен ахуалды жақсартуды талап етті. Кешенді шаралар қабылданып жатыр. Билік бар мүмкіндігін халықтың денсаулығын нығайтуға бағыттай бастады. Президент пәрменімен елді дәрі-дәрмекпен қамту ісі күрт бақылауға алынды. Ауруханалар мен емханалардағы ахуал жақсартылып жатыр. Ақ халаттылар да міне, 5 ай болды, үй көрмей індетпен күресіп жатыр. Қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Әйтсе де, бұл жымысқы вирус. Ағзасында ақауы бар біраз адамды алып соқты.

Етжақындарына көңіл айтамын. Алла аясын! Өлілерге иман байлығын, тірілерге амандық, береке берсін! Халқым, бұл кеселмен күресте біздің де әлеуметтік жауапкершілігіміз өие маңызды. Санитарлық қауіпсіздік шараларын, карантин талаптарын қатаң сақталық! Тек сонда ғана біз індеттің шынжырын үземіз! Сақ болалық! Сау болалық" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

Қайрат Жолдыбайұлы: Аз ғана қазақ қырылып қалмасын десек, тойды тоқтатыңдар

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өмірқұл Айниязов: Коронавирус қазақты ғана емес, бүкіл әлемді тізерлетті