Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда электрондық теңге жасап шығару процесін жеделдету ұсынылды

Опубликовано:

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысында электрондық теңгені жасап шығару процесін жеделдетуді ұсынды. Айтуынша, бұл жемқорларға ақша жымқыруда «қолайсыздық» тудырады, сондай-ақ бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Бұл жемқорлық үшін қолайлы қолма-қол ақшаны қысқартуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді", – деп мәлімдеді Шпекбаев.

Агенттік басшысы өзі басқаратын ведомствода да цифрландыру процесін жеделдетуге ниетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері электрондық қылмыстық істер жүйесін белсенді қолдануды көздеп отыр.

Осылайша, ведомство өкілдері үстінен тергеу жүргізіліп жатқан, бірақ қамауға алынбаған тұлғаларға электронды білезік тағуды қарастыратын «алматылық тәжірибені» қоданбақ.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қазақстандағы жемқорлық деңгейін төмендету бойынша мемлекет басшысына жолданған ұсыныстарды атап көрсеткен еді.

Олардың арасында сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту, қазақстандық шенеуніктерге шетелдік банктерден шот ашуға тыйым салу, заңда пара беруге уәделескен үшін жаза белгілеу шаралары қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865988-kazakstanda-elektrondyk-tege-zasap-sygaru-procesin-zedeldetu-synyldy/

pixel